Үкімет • 18 Қаңтар, 2018

Сараптама кеңесінің отырысы өтті

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Сараптама кеңесінің отырысы өтті

Отырыс барысында Мемлекет бас­шысының іскерлік ахуалды жақсартуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және бизнес-процестерге азаматтардың қатысуын кеңейтуге бағытталған саясатын іске асыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, бәсекелі ортаға мемлекетке тиісті емес функцияларды беру тетіктері қаралды.

«Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж.Күлекеев және Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов елдегі өзін-өзі реттеу институтының қазіргі жағдайы мен оны дамыту перспективалары туралы баяндамаларымен таныстырды. Талқылауға Премьер-Министрдің орынбасары Е.Досаев, «Сентранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е.Әбдіразақов, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О.Жандосов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж.Ахметов, «Қазақстанның халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Ү.Шаяхметова, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры М.Махмұтова, тәуелсіз сарапшы Д.Сәдуақасов қатысты.